Бас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа "денсаулық сақтау кодексі" қаралып жатыр
23 Қаңтар 2019, 18:34 365

Қазақстанда жаңа "денсаулық сақтау кодексі" қаралып жатыр

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы алаңында "Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодексті талдауға салынды.

"Жаңа кодекс бір жақты қаралмай жан-жақты болуы тиіс. Ұсынылған мәселелер үкіметтің, бизнестің және тұтынушының  талабына сай болу керек. Сай болмаған жағдайда көлеңкедегі сауданың көбеюіне және жемқорлыққа алып келеді. Мысал келтірсек 100 метірлік деген ұсынылды. Бұл  негізінде мектептен, балабақшадан 100метр қашықтықта сататын нүктелерді айтады. Осы тұста біреулер есіктен есікке дейінгі қашықтықты санаса, басқалары алаңнан алаңға дейінгі жерді санайды. Бұл жемқорлыққа тікелей жол ашып отырғандықтан бұл мәселе кейінге шегерілді, бірақ қаралып жатыр. Тағы үлкен мәселенің бірі "Денсаулық сақтау" қорын құру. Кәсіпкерлер осы алко табак өнімдерінің зияндығы үшін салық төлейді. Егер қор ашу үшін тағы ақша шығару керек болса, өнімнің бағасы да қымбаттайтыны белгілі. Тұтнушыға мұндай өзгеріс ұнамайтыны түсінікті. Бұл контрабандаға әкеп соғуы мүмкін - дейді "КазАлкаТабак" ассиоциациясының директоры Қалиев Әмиржан.

Бүгінде талаптардың үш жақты болуы қарастырылды. Денсаулық министрлігі біздің ұсыныстарымызды тыңдап,  сұрақтарға жауап іздеді. Келесі жолы қорытынды шығару үшін  кезекті отырыс болады дейді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі қайта қаралғаны туралы жазғанбыз.

Аягөз Абылқызы

Сізден жаңалық