Көбейтұздың келісі 5 мың теңге тұратын тұзы вирусты емдейді. Ол қаншалықты рас?

20 Шілде 2020, 18:23
5001
Бөлісу:
Көбейтұздың келісі 5 мың теңге тұратын тұзы вирусты емдейді. Ол қаншалықты рас?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Көбейтұзға қатысты әңгіме көбейді. Алдымен блок-бекет қойып жапса, одан кейін тұзды келісі бес мың теңгеден сатып жатыр деген ақпарат тарады.

Ақмола облысының Ерейментау ауданының әкімдігі Көбейтұз, Теңіз, Құрбет және Қоржынкөл көліне адамдардың келуіне тыйым салу туралы шешім қабылдады. Оған себеп те жоқ емес. Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облысының тұрғындарының бәрі осында. Басқа жер жабық. Адамдар ерекше көріністі тамашалап, фотосессия жасау үшін де келеді.

whatsapp_image_2019_09_03_at_21_22_41_CJBVGu9.jpeg

Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы Көбейтұз бен Теңіз көліне арнайы рейд жүргізген. Енді Ақмола облысы мен Ерейментау аймағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін - Көбейтұз, Теңіз, Құрбет, Қоржынкөл көліне және Ерейментау ауданының аумағында орналасқан барлық көлге баруға тыйым салынып отыр. 

Ал екінші ақпарат - COVID-19 ауруына қарсы "дәрі" ретінде Көбейтұз көліндегі тұздың келісі әлеуметтік желіде 5 мың теңгеден сатылып жатыр деген ақпарат.

WhatsApp Image 2020-07-20 at 18.22.12.jpeg

Көбейтұздың тұзын сатамын. Келісі – бес мың теңге. Көптеген ауруға ем. Коронавирус пен іш өту жағдайында көмектеседі. Тамақты шайып, асқа қосуға болады. Тұзды ваннаға да жақсы. Пікірге қалдырыңыз. Өзіміз сізге жазамыз. Он шелек қана қалды, - делінген желідегі парақшалардың біріндегі хабарламада. 

Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдігі Көбейтұзға арнайы барды.

Біз Көбейтұз көліне келдік. ҚР ЭГТРМ экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бастаған министрліктің мамандарынан құралған топ қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен бірге, экологтар судың сапасы тексеру үшін сынамасын алды, - деп жазды әлеуметтік желіде министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева.

Жалпы, Көбейтұздың суының түсі ерекше. Қызғылт түске боя­лып жатқан көл көк аспанмен астасып, сары далаға ғажайып сұлулық беріп тұрады. Көл бір жылдың ішінде бірнеше рет осылай қыз­ғылт түске боялады екен. 

6Pink Lake - Western Australia 04.jpg

"Астана ақшамы" газетінің тілшісі бұл көлдің сырын білмек оймен Ерейментаудың іргесіндегі Малтабар ауылына соғып, көнекөз қариялардың бірі Сағымбай Әбілұлымен әңгімелескен екен. 

Бұл бұрыннан сол маңайдағы жай көлдердің біріндей болатын. Бала кезімізден түсіп келеміз ғой. Бірақ соңғы жылдары көлдің суы қызғылт тартып кетті. Содан елдің назарын аударатын болды. Құс та қонбайтын болыпты. Ал басқа көлдерге аққу да, тырна да, қаз да, қасқалдақ та қонады. Ал енді негізі бұл маңайда тұзды екі көл бар, мынау үлкені ғой. Бұрынғы аталарымыз, бала кезімізде осында ем үшін келетін. Балалардың айтуынша, бұл көлге еліміздің басқа аймақтарынан, тіпті ресейліктер де келетін болыпты, - дейді тоқсанға таянып қалған қадірлі ақсақал.

Біз бұл тұздың қаншалықты пайдасы бар екенін білгіміз келіп, инфекционист-дәрігерлерге хабарласқанбыз. Көбісі, пандемия жағдайында уақыттары жоқ. Тек Қарағандыдағы дәрігер Баянбек Аспандияров "коронавирусты тұзбен емдеу мүмкін емес" екенін айтты.  Яғни, ешқандай пайдасы жоқ.

Өзгелердің жаңалығы