Қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынады

6 Тамыз 2020, 11:29
2231
Бөлісу:
Қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімі кеңейді. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Жасы 21-ге толмағандарға қорқор сатылмайды. Мұндай норма жаңадан қабылданған денсаулық сақтау кодексіне енгізілген. Егер заң бұзсаңыз, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейсіз. Бұдан бөлек дәмхана, мейрамхана, жалпы қоғамдық орында зиянды өнімді тұтынуға рұқсат жоқ.

Жабық автобус аялдамаларында, балалар алаңдарында, метрода және жерасты өткелдерінде электронды темекі, кальян және темекі өнімдерінің барлық түрлерін шегуге тыйым салынады.
Бізде жастар қоғамдық орындарда отырып, қорқорды жиі тартады. Енді, оған тыйым салынды. Дәмхана мен қоғамдық жерлерде, тіпті жазғы дәмхана мен далада қорқор шегуге болмайды. Оны тартқысы келсе, үйде ғана жасай алады, - дейді алкоголь мен темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.
Жаңадан қабылданған халық саулығы жөніндегі кодекс бойынша 21 жасқа толмағандарға қорқор сатылмауы тиіс. Қазіргідей карантин кезінде ересектерге де рұқсат жоқ.

Тағы бір жаңалық – темекі мен кальян қоспалары дүкен сөрелерінде болмайды. Бұл ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді. Кальянға қарсы шектеулерге қарамастан, тек шілде айының өзінде елордалық полиция 20 заңбұзушылықты тіркеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын рейдтер өткізеді.

Кальян мен темекіні рұқсат етілмеген жерде шеккені үшін айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл мөлшері екі есеге артып, 42 мың теңгені құрайды.


Өзгелердің жаңалығы