Бас жаңалықтар
ҚМДБ: Вакцинация – адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі
30 Шілде 2021, 16:15 556

ҚМДБ: Вакцинация – адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ елдегі қазіргі эпидахуалды ескеріп, коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасап, вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін алға тартты.

Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Құрметті отандастар! Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс, - делінген хабарламада.
ҚМДБ хабарлауынша, арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.
Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі. Өздеріңізге белгілі, әлемде және елімізде пандемиялық жағдай күн сайын күрделенуде. Жұқпалы дерттен бір отбасында бірнеше адам жан тапсыруда. Бұл жағдай екпе салдыруға қатысты оң шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Осы ретте халықты барынша сақтанып, денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндейміз. Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін! Әмин!, - делінген діни басқарманың хабарламасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...