Климаттық талаптар сауда мен инвестицияға әсер етпеуі керек – Президент

13 Қазан 2021, 18:23
19774
Бөлісу:
Климаттық талаптар сауда мен инвестицияға әсер етпеуі керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.

Бүгін Қазақстанның экономикасындағы көмірсутек бейтараптығына жету бойынша маңызды пікірлер айтылды. Бүгін біздің алдымызда мақсатты міндеттер тұр. Осы арайда қомақты қаржы да, іс-жоспар да қажет болады. Бір-бірімзге айтып жұмыс істесек, мақсатты міндеттерге қол жеткізе аламыз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, климаттық талаптар сауда мен инвестицияға әсер етпеуі керек.

Энергетикалық өзгерістер кезінде дамыған елдер мен халықаралық ұйымдарға талап күшейеді. Осыған орай өзгелерге үлгі мен көшбасшы болу аз. Экономикалары құбылмалы елдер көмірсутекті азайтуы үшін технологиялық, ресурстық көмек көрсету керек. Сондықтан Үкімет климаттық мәселе бойынша жаңа бағытта жұмыс істеуі керек. Ол үшін ДБ мен БҰҰ құрылымдарымен жұмысты күшейтіп, дамыған елдердің қаржылық ұйымдары мен үкіметтерімеен жұмыс істеу керек – деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы