Классикалық музыка фестиваліне қатысушылар анықталды

19 Маусым 2019, 16:51
2895
Бөлісу:
Классикалық музыка фестиваліне қатысушылар анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Цинандали фестивалінің Пан-Кавказ жастар оркестріне қазақстандық музыканттарды іріктеу байқауының жеңімпаздары анықталды. Оркестр осы жылдың қыркүйек айында Грузиядағы Цинандали қаласында тұңғыш Тsinandali Festival-де өнер көрсетпек. 

Жас музыканттарды тыңдау байқауы 2019 жылдың 30 наурызында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның Үлкен орган залында өтті. Іріктеу байқауына Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Мәскеу және Новосібірден 18-28 жас аралығында 60-тан аса музыкант қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тура осындай тыңдауларды өткізген бүкіл қалалар арасында қатысушылар саны жағынан ең үлкен байқауға айналды. 

«Шақыруға жауап берген музыканттардың барлығына алғыс айтамыз. Біздің жастар қаншалықты талантты әрі мақсатшыл екендігін көріп, өнер адамдарына көмектесу, олардың шеберлігін көтеру қаншалықты маңызды екендігіне тағы да көз жеткіздік. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал қалған қатысушылардан үміттеріңізді үзбеңіздер деп сұраймыз. Тsinandali Festival жыл сайын өткізіледі деп жоспарлап отырмыз», - деді Тsinandali Festival ортақ құрылтайшысы, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев. 

Классикалық музыка фестиваліне қатысушылар анықталды

Құрамына Цинандалидегі классикалық музыка фестивалі директорының көмекшісі маэстро Клаудио Ванделли, белгілі қазақстандық сазгер Еркеш Шәкеев, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория профессоры Танатара Нұралиева, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория доценті Алма Абатова кірген қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

Байқауға қатысқандар арасында жеті адам жеңімпаз атанды, олар фестивалінің Пан-Кавказ жастар оркестрінде өнер көрсетпек:

1. Сезім Дүйшенбаева (скрипка).
2. Айжан Ермұханова (скрипка).
3. Ботагөз Халық (скрипка).
4. Дәурен Жұмаш (альт).
5. Махат Нұрланов (виолончель).
6. Айдос Хамитов (контрабас).
7. Әлиасқар Салықов (керней).
8. Әлішер Сілейманқұл (керней). 
9. Жасұлан Әбдіқалықов (труба). 

«Шынымды айтсам, біз жеңімпаздарды әрең таңдадық, өйткені біздің музыканттар арасында лайықты үміткерлер көп болды. Әлемдік деңгейдегі музыканттармен иық тіресе жұмыс жасап, шеберлікті шыңдау мүмкіндігімен жеңімпаздарды құттықтаймын», - деп атап өтті қазақстандық сазгер әрі ақын Еркеш Шәкеев.

Классикалық музыка фестиваліне қатысушылар анықталды

Пан-Кавказ жастар оркестрі Қазақстан, Украина, Түркия және Кавказ өңірі елдерінен шыққан жас талантты музыканттар үшін жетекші жаттығу оркестріне айналмақ. 8-22 қыркүйек күндері Цинандали фестивалінің алаңында репетициялар және Джанандреа Нозеда, Юкка-Пекка Сарасте, Омера Меира Веллбера, Лахава Шани сынды атақты дирижерлердің басқаруымен бес концерт өтеді. Жеңімпаздардың бүкіл шығындарын Тsinandali Festival ұйымдастырушылары өздері көтереді.
Өзгелердің жаңалығы