Қиын жағдайдағы отбасыларға кім қолдау көрсетеді?

3 Қараша 2021, 13:27
1157
Бөлісу:
Қиын жағдайдағы отбасыларға кім қолдау көрсетеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЮНИСЕФ Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қолдауымен 27 қыркүйектен бастап кәсіпкерлікке және кәсіптік бағдар беруге тарту орталығының жұмысын іске қосты.

«Кәсіпкерлікке тарту үшін қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларға көмек көрсету және жұмыс тәсілдерін әзірлеудегі техникалық қолдау» құралы шеңберінде іске қосылған жоба қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар кемінде 2000 астаналық отбасын қолдау және белсенді шараларымен қамтамасыз етуге көмек көрсетуге бағытталған.


Қиын өмірлік жағдайдағы балалары бар отбасыларды кешенді қолдау өте маңызды: балалар мен ересектердегі кәсіпкерлік дағдыларын дамытудан бастап, өмірлік маңызды дағдылар бойынша тренингтерге дейін, soft skills. Отбасы мүшелері біртұтас материалдық және моральдық-психологиялық ортада өмір сүретіндіктен, отбасы мүшелерін біріктіру процесін балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де жан-жақты жүргізу маңызды. Біздің орталық дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10 - нан 18.00-ге дейін жұмыс істейді, – деп атап өтті Кәсіпкерлікке және кәсіптік бағдар беруге тарту орталығының үйлестірушісі Нүркен Ибекеев.
Орталықтан қолдау тапқан отбасылар да өз пікірлерін білдіруде.
Мен бизнес негіздері және ЅММ оқыту бойынша оқытумен айналыстым, өйткені мен өз ісімді үйден бастағым келеді және отбасы үшін ақша табуды бастағым келеді. Оқу өте ұнады. Барлық тренинг қызықты және пайдалы, бизнес-жаттықтырушылар өте тәжірибелі. Тағы да келгім келеді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бақытгүл Баймусинова.

Жоба аясында келесі компоненттер қарастырылған:

- Балалардың кәсіпкерлік сауаттылық дағдыларын, көшбасшылық әлеуетін және креативті ойлауын дамыту, Soft skills-ті дамыту;


- Кәсіпкерлікте қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру;


-Қиын өмірлік жағдайдағы балалары бар кемінде 2000 отбасын белсенді қолдау және қолдау шараларымен қамтамасыз етуге көмек көрсету (Нұр-Сұлтан қ.);

- Өзін және айналадағы шындықты барабар қабылдау, өз өмірі мен басқалардың өмірі үшін өз жауапкершілігін түсіну үшін психологиялық кеңес беру.

Өзгелердің жаңалығы