Кітапханадағы «Этноконструкторға» балалар қызығушылығы жоғары

29 Сәуір 2019, 14:05
2398
Бөлісу:
Кітапханадағы «Этноконструкторға» балалар қызығушылығы жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы киіз үй құрастыру бойынша тренингтер өткізуде. Бұл туралы облыс әікмдігінің сайты хабарлады.


Оқушыларға арналған «Этноконструктор» ойыны халық мәдениетін, тарих пен рухани мұраны насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасы аясында әзірленген.

"Ойынды өз көздерімен көріп, танысуға №16 төменгі сынып оқушылары жиналды. Келген балаларға қазақ даласының тарихы туралы баяндалды. Оларды киіз үйдің негізгі құрылымдары және әбзелдерімен таныстырды. Сонан соң оқушылар мамандардың жетекшілігімен экологиялық таза материалдардан жасалған «киіз үй» этноконструкторын жинады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Киіз үй – қазақ халқының көпғасырлық атамұрасы, қастерлейтін жәдігерлерінің бірі, оның маңызы мен мәні қазіргі уақытқа дейін сақталған. Киіз үймен қазақтарды барлық өмірі байланысты болған. Шаңырақ отбасылық жәдігер болып саналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. 



Өзгелердің жаңалығы