Бас жаңалықтар
Кішігірім сұлулық салондары жұмысына да тыйым салынды
06 Шілде 2020, 17:04 162

Кішігірім сұлулық салондары жұмысына да тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Алматы қаласындағы КВИ бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Қала әкімі Алматыдағы кішігірім сұлулық салондары санитарлық нормаларды мұқият сақтаса да, жұмыс істеуіне болмайтынын айтты.

Сұлулық салондары қызметіне тыйым бар. Себебі, онда мастер мен клиент тікелей байланысқа түседі. Ол қауіпті, сондықтан болмайды. Әрине, мынадай қиын кезеңде мұндай бизнес өкілдерінің жұмыс істеуіне кедергі келтірмей, рұқсат берсе де болатын еді деп ойлауға болады. Алайда, жауапкершілік болуы керек. Ешкім жоқ жерден айыппұл салайын деп отырған жоқ. Айыппұл төлегісі келмесе, заңбұзушылық жасамау керек. Егер шектеу шаралары аясында қандай да бір кәсіпорын қызметіне тыйым салынса, демек, жұмыс істеуге болмайды, қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығына зиян тимеуін назарда ұстау керек. Ол мейлі кафе, мейрамхана, дүкен, сұлулық салоны болса да, - деді ол.

Қала әкімі бұған дейін қала бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда екенін, стационарларға күнде 100-ге жуық пациент түсетінін және 
интернет арқылы дәрі сатқандарға заң жүзінде шара қолданылатынын мәлімдеген болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...