Кипрде ірі газ кен орны табылды

1 Наурыз 2019, 11:50
1961
Бөлісу:
Кипрде ірі газ кен орны табылды

Астана, BAQ.KZ - Америкалық ExxonMobil компаниясы Кипрден оңтүстік-батысқа қарай табиғи газдың жаңа кен орнын тапты. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады. 


Бағалау расталған жағдайда табиғи газ кен орны көлемі бойынша әлемдегі үшінші ірі кен орны болмақ. 

Кен орны Кипр қайраңындағы 10-шы блокта орналасқан. Оны Glaucus-1 ұңғымасын бұрғылау кезінде анықтаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи газ қоры 142-ден 227 млрд дейінгі текше метрді құрайды. 

Айта кету керек, ExxonMobil – жұмыстардың операторы болып табылады. Компанияның блоктағы үлесі 60% құраса, қалған 40% Qatar Petroleum Катар мемлекеттік компаниясы иелік етеді.
Өзгелердің жаңалығы