Бас жаңалықтар
Кинотеатрлар «жасыл аймаққа» кіретін өңірлерде ғана ашылады – Ғиният
21 Қазан 2020, 18:07 168

Кинотеатрлар «жасыл аймаққа» кіретін өңірлерде ғана ашылады – Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Кинотеатрлардың жұмысы «жасыл аймаққа» кіретін өңірлерде ғана рұқсат беріледі. Санитарлық дәрігерлер айтқандай, эпидемиологиялық жағдайлары тұрақты, аурудың ушығу жағдай жоқ аймақтар болып табылады. Кинотеатрларға барғанда ауру жұқтыру қаупін болдырмау үшін министрлік белгілі талаптарды бекітті. Ол кіру билеттерін мүмкіндігінше онлайн режимде сату және залдың толуы 30 пайыздан аспауы керек. Отырғызу кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек, - деді ол. 
Вице-министр атап өткендей, залдарды дезинфекциялау үшін сеанстар арасында кемінде 30 минуттық үзіліс сақталуы керек. 
Маска режимін сақтау керек. Кіреберісте қызметкерлер келушілердің маска тағуы мен қызуын қадағалауы керек. Жеделдету және ауа баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеуі керек. Кинотеатрларды санитарлық дәрігерлер тексеріп, жекелеп рұқсат береді. Осы талаптардың барлығы сақталған жағдайда ғана олар жұмысқа қосылады, - деді ол. 
Ғиният атап өткендей, жағдай ушығып кеткен жағдайда кинотеатрлар қайтадан жабылады.

Айта кетейік, «жасыл аймаққа» Шығыс Қазақстан облысынан өзге өңірдің барлығы кіреді. ШҚО «сары аймақта» тұр. «Қызыл аймаққа» ешбір өңір енбеген.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...