Кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін бе?

1 Қазан 2020, 19:01
1671
Бөлісу:
Кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде киноиндустрияға қатысты мәселеге жауап берді.

Киноиндустрияға қатысты мәселе пысықталуда. Біз елдің бұл жағдайға алаңдап отырғанын түсінеміз. Қазір мәселені шешу жолдары қарастырылып жатыр. Бастапқы кезеңде орын санының 30 пайызын толтыру нұсқасы қарастырылады. Бұл мәселе қазір талқылануда. Жақын арада ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылуы мүмкін, - деп жауап берді Цой.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрларды ашуға әлі ерте екенін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, министр бүгінгі брифинг барысында 5 қазаннан бастап елде қандай шектеулер қойылатыны мәлімдеп, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неге алмағанын түсіндіріп берді.

Өзгелердің жаңалығы