Бас жаңалықтар
Елордалық бүлдіршіндерге жаңа балабақша ашылды
PHOTO
28 Қыркүйек 2020, 17:48 130

Елордалық бүлдіршіндерге жаңа балабақша ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа балабақша 360 орынға арналған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Бүгін елордада Аbadan жекеменшік балабақшасы ашылды. Мекеменің жалпы ауданы – 1,6 га. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған ғимараттың аумағы – 8 мың ш.м. Жеке инвестициялар сомасы 2 млрд теңгені құрады. 


Балабақшаның ерекшелігі – 18 топқа арналған. Алдағы уақытта сабақтарды ағылшын тілінде өткізу жоспарланып отыр. Яғни, балалармен ағылшын тілінде оқу-тәрбие процесін жүргізетін мамандар шақырылады. Сондай-ақ балаларға арналған кең орындар қарастырылған: акт залы, бассейн, спорт залы. Әр топ үшін жеке жатын бөлме, шешінетін бөлме бар, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі ұйымдар бөлімінің басшысы Айгүл Ережепова.

Балабақша 360 орынға арналған. Бұл мекемеде 36 тәрбиеші және 10-ға жуық арнайы маман жұмысқа кіріседі деп күтілуде. Олар – бейнелеу өнері, дене шынықтыру мұғалімдері, ағылшын тілін тасымалдаушылар.


Шектеу шараларына байланысты 15 адамнан тұратын кезекші топтар жұмыс істейді.

Ата-аналардан өтініштер түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 15 бала бар. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша санитарлық нормалар сақталды, – деді Айгүл Ережепова.

Балабақшада жүзу, футбол, каратэ, шахмат, хореография, бейнелеу өнері, робототехника, театр өнері және қыш өнері сияқты 10 түрлі үйірме бар.


Сонымен қатар балабақшада екі оқшаулағыш және тұз бөлмесі қарастырылған медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері, ас бөлімі, кір жуатын бөлме, сондай-ақ, инфрақызыл саунасы бар бассейн қарастырылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...