Бас жаңалықтар
Kinder Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
19 Ақпан 2019, 13:15 613

Kinder Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

Астана, BAQ.KZ. Kinder брендімен Ferrero өнімдерін шығаратын италиялық компания «Аксай Айс Арена» компаниясы мен Алматы қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Жанұя» және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бірқатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қыстың соңғы айын балалар Тұңғыш Президент Саябағында тынығып, коньки теуіп, қызықты өткізді.

Мейірімді істер бастамасына көптеген блогер мұз айдынына келіп, балалармен бірге уақыт өткізіп, балалықтың дәмін қайта сезінді. Бұған қоса әр балаға пайдалы және дамытатын Kinder ойыншықтары берілді.



Айта кету керек, бренд мұндай қайырымдылық шарасын алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Жыл сайын әлемнің түрлі елінде көптеген әлеуметтік жобаға қолдау көрсетеді.

Болашақта бренд қайырымды істер дәстүрін әрі қарай жалғастырып, балаларға әлі де талай мереке сыйлайды.
 
Загрузка...