Әкімшілік құқық бұзушылық істерін соттардан уәкілетті органдарға беру ұсынылды

24 Сәуір 2019, 11:11
2747
Бөлісу:
Әкімшілік құқық бұзушылық істерін соттардан уәкілетті органдарға беру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасын таныстырды. 

Ол рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтату, қызметті тоқтату немесе тыйым салуды көздейтін жекелеген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауды уәкілетті органдардың құзыретіне беру қажет екенін айтты. 

«Конституциялық реформа аясында атқарушы мемлекеттік органдардың және олардың басшыларының жауапкершілігі артты. Осыған байланысты осы бағытта жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында ұқсас реформалар талап етіледі. Осылайша заң жобасы тек сотпен ғана қолданатын әкімшілік жазаларды қайта қарауды уәкілетті органдардың құзыретіне олармен өз бетінше қолданылуы мүмкін әкімшілік жазаларды жатқызуды ұсынады», - деп айтты министр. 

Бекетаев әкімшілік құқық бұзушылықтардың 70 аса құрамын соттардан уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне беру ұсынылатынын атап өтті. 

«Бұл тұлғалардың сот органдарына даусыз істер бойынша жүгіну қажеттілігін алып тастаумен қатар мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады. Азаматтардың істі сотта қарауды таңдау құқығы сақталатын болады, яғни бұл істер бойынша сот бақылауы жалғасады», - деді ведомство басшысы. 

Ол заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді электронды форматқа ауыстыру көзделетінін атап өтті. 

«Азаматтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау және оны қарау тәртібі қарапайым және түсінікті, ал айыппұлдарды төлеу жүйесі мелекеттік органдарға неғұрлым аз барумен қоса, мүмкіндігінше ыңғайлы болғаны маңызды. Осыған орай Бас прокуратура бастамасымен заң жобасында әкімшілік рәсімдердің бірыңғай тізілім жүйесін енгізу бөлігіне түзетулер қарастырылған. Бұл мемлекеттік органдардың және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық желілермен интеграцияланатын әкімшілік процесі бар электронды істі қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Бекетаев.

Әділет министрі заң жобасын қабылдау осы саладағы заңнаманы жаңартуға және әкімшілік құқықтық қатынастарды неғұрлым тиімді реттеуге мүмкіндік беретінін атты.

Министр заң жобасында қарастырылған бағыттарды атап өткені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 
Өзгелердің жаңалығы