Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді – Тоқаев

10 Шілде 2020, 12:48
867
Бөлісу:
Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Ахуал өте күрделі. Бірақ алғашқы оң үрдістер де байқалуда. Өткен аптада мен Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім. Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінетінін айтты. 

Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету, - деді ол. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланатынын жазған. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы