Әкімдіктер катетерді елден емес, қымбатқа шетелден сатып алып отыр - Саин

15 Шілде 2020, 12:08
1458
Бөлісу:
Әкімдіктер катетерді елден емес, қымбатқа шетелден сатып алып отыр - Саин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Біз балалар аурухнасымен қоса, үлкендерге де көмектесіп жатырмыз. Бізде арнайы алгоритм бар. Шекаралар жабылған соң, аппараттарды шетелден жеткізу мүмкін болмай қалды. Шамамыз келгенше балаларға көмектесіп жатырмыз. Әлі де бұл мәселені шешіліп жатыр. Мәселен, эпилепсиямен ауырғандарға құрысуға қарсы препараттардың болуы аса маңызды. Олар үшін бір реттік препараттарды сатып әкелуге тырысқан едік. Алайда шекара жабылып, жұмыс тоқтап қалды, - деді ол. 
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Саин арқа-бефидасы бар балалар катетерсіз қалғанын айтты. 
 
Менің жергілікті атқарушы билікке наразылығым бар. Себебі, олар пандемияға дейін жылдың басында бұл аппараттарды сатып алуы керек еді. Олар бір жылға алдын ала қамтамасыз етуі керек еді. Алайда бұл жүзеге асырылмады. Біз демеушілердің қолдауымен 2 айға жететін аппараттарды сатып алып, өңірлерге тараттық. Алайда олардың өңірлерге жетуі, жетпеуі жайында менде ақпарат жоқ. Бұл препараттар Қазақстанда шығарылады. Бізде зауыт тұр. Алайда әкімдіктер одан бірде-бір катетерді алмай, қымбат бағаға импорттықты алады. Мен барлық әкімдіктерге бұл жайында хат жаздым. Жауап күтіп отырмын. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінетін шығармын, - деді ол. 

Саин атап өткендей, жалпы  қор 177 млн теңгеге көмек көрсеткен.
Қазақстанда катетер шығаратын зауыт  бізге бірінші партияны 95 теңгеге, бағаның өсуіне қатысты екінші партияны 150 теңгеге сатты. Ал әкімдіктер 200 немесе 250 теңгеге сатып алып жүр. Менің білуімше, ол Қытайда шығарылады. Біздің катетер сапасы жағынан артық болмаса, кем түспейді. Өңірлерде бұл жүйе қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Бұл жұмысты осындай қауіптер болмас үшін, мүмкін, орталықтандыру керек шығар. Мен хат жазып, президент Тоқаевқа да мәселені түсіндірдім. Біз жұмыс кезінде осындай фактілерді ашамыз. Мен мемлекет басшысына медициналық материалдарға қатысты мемлекеттік тапсырыстардың жұмысын тексеру бойынша тапсырма беруін сұрадым - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы