Әкімдікте ай сайын екі мыңнан астам азаматтардың өтініштері қаралуда – Қарағанды

31 Шілде 2020, 07:45
1081
Бөлісу:
Әкімдікте ай сайын екі мыңнан астам азаматтардың өтініштері қаралуда – Қарағанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бөлім жұмыс істейді. Бөлім құрылғаннан бері облыс бойынша 20 мың өтініш қарастырылған.

Жаңа құрылым өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында құрылған. Оны құрудың басты мақсаты халықпен байланысты жақсарту болды.

Бөлім құрылғаннан бері облыс бойынша 20 мың өтініш қарастырылды. Жыл басынан бері 16 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түсті. Ай сайынғы ағын орта есеппен 2 300 өтінішті құрайды.

Талдау көрсеткендей, көбінесе облыстық әкімдікке Қарағанды мен Теміртау тұрғындары жүгінеді. Бұл екі қаладан келетін өтініштер барлық хаттардың үштен бірінен астамын құрайды.

Тақырыптарға тоқталар болсақ, ТКШ және абаттандыру мәселелері басым. Көптеген өтініштер кәсіпкерлік, төтенше жағдайлар, әлеуметтік қамсыздандыру,а байланысты. Топ-тақырыптар қатарына тұрғын үй және жер мәселелері кіреді.

Облыс, қала және аудан әкімдерінің жеке қабылдауларына осы кезеңде 2 311 адам жүгінді: көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер, зейнеткерлер және басқа да санаттар.
Өзгелердің жаңалығы