Әкімдік көрсететін 70 қызмет түрі автоматтандырылады – Көлгінов

14 Қараша 2019, 09:59
3614
Бөлісу:
Әкімдік көрсететін 70 қызмет түрі автоматтандырылады – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде елордада 56 қызмет түрі автоматтандырылған. 2020 жылы тағы 70 қызмет түрі автоматты жүйеге көшеді. Бұл туралы Елорда Инфо сайты хабарлады.

Бұл орталықты құруға 1 тиын бюджеттің ақшасы кеткен жоқ, барлығы қолдаушылардың есебінен жасалды. Кім үшін? Халық үшін. Орталықтың атауын қалай қойсақ деп біраз ойландық, кеңесі келе "Жанұя" деп қоюды ұйғардық. Отбасын мазалаған сұрақтары бар азаматтар осы жерден көмек алсын деген мақсатта ашылып отыр. "Жанұя" – бұл да ашық әкімдіктің бір түрі. Себебі халық бір мәселені шешу үшін бірнеше жерге барады. Ал осы орталықтан барлық мемлекеттік қызмет түрін ала алады, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, орталықта 70-ке жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Орталық ашылғалы 5500 адам, түрлі салаға қатысты 11 мың сұрақпен келген. Оның 2800 сұрағы осы жерде шешілді. Яғни, біз халыққа қызмет көрсетуді жүйелендірдік. Соның өзінде әкімдікке жетіп келетін адамдар бар, күніне 150-200 адам әкімдіктің алдына келіп тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі тағы бір мәселе оның сапасы. Иә, кейде сапа ақсап жатады, себебі қызметті көрсететін адам, ал адам әртүрлі болады. Оны адами фактор дейміз. Осы орайда қазір мемлекеттік бағдарлама қабылданып цифрлық қызмет көрсету жүйесіне көшудеміз. Айтар болсақ, қалалық әкімдік тарапынан халыққа 179 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 56 қызмет түрі толық автоматтандырылған. Және 59 қызмет жартылай автоматтандырылған. Келесі тағы 70 қызмет түрі толық автоматтандырылатын болады, - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Алтай Көлгінов түрлі сұрақ, талаптарымен әкімдікке баратын азаматтарға қатысты өз пікірін білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы