Кімдер сұйытылған газды экспорттай алмайды? Вице-министр жауап берді
09 Қараша 2021, 18:19 101

Кімдер сұйытылған газды экспорттай алмайды? Вице-министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков министрлік өткізген онлайн брифинг барысында айтты.

Энергетика министрлігі ішкі нарыққа газды жеткізу бойынша өз міндеттерін орындамаған компаниялардың экспортқа шығару үлесін шектей алады. Бізде зауыттар мен компаниялар ішкі нарыққа сұйытылған газ жеткізу бойынша міндеттерді орындайды. Әрбір зауыттың жоспары мен көлемі бар.Егер осы көлемді орындап отырса, нарықта тапшылық болмаса, олар болашақта артық көлемін экспорттай алады. Ал артық көлем болмай, ішкі нарық сұранысы орындалмаса, біз экспорттау құқығын бермейміз, - деді Жүребеков.

Ол атағандай, қазір автокөліктерге арналған сұйытылған газды экспортқа шығаруға тыйым бар.

Қазір біз осындай шектеуді сұйытылған газға енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр. Бұл толық көлемді шектеу дегенді білдіреді. Бірақ ТШО және тағы бірнеше компанияларда газ өндіру бойынша тұрақтылық бар. Олар экспортқа газ өнімін шығара алады, - деді Мұрат Жүребеков.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...