Ким Чен Ын Қытай төрағасын Солтүстік Кореяға шақырды

10 Қаңтар 2019, 15:10
1513
Бөлісу:
Ким Чен Ын Қытай төрағасын Солтүстік Кореяға шақырды

Астана, baq.kz. Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Солтүстік Кореяға шақырды. Бұл туралы ТАСС Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қытай төрағасы шақыруды зор қуанышпен қабыл алды және Ким Чен Ынға сапар туралы жоспарын айтып берді», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Егер Си Цзиньпин сапар шексе, онда 2011 жылдан бері КХР төрағасының ең алғашқы сапары болады.

 

Өзгелердің жаңалығы