Киевте ерекше экоавтомат пайда болды

5 Желтоқсан 2020, 07:54
1300
Бөлісу:
Киевте ерекше экоавтомат пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина астанасында ерекше экоавтомат пайда болды, деп хабарлайды 24.kz.

Пластмасса құтыларды қабылдайтын аппарат қоршаған ортаны қорғауды ғана емес, көшедегі қаңғыбас ит пен мысықты тамақтандыру үшін де жасалған. Автомат әр өткізілген бос пластмасса құты үшін осы жануарларға арнап ыдысқа тамақ салып береді.

Жаңа аппарат әсіресе балаларға ұнаған. Ал автомат иелері бұл жас жеткіншектердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға да септігін тигізеді деп отыр.



Өзгелердің жаңалығы