Ирандағы ұшақ апаты: Киев Тегеранға нота жіберді

14 Қаңтар 2020, 01:20
1741
Бөлісу:
Ирандағы ұшақ апаты: Киев Тегеранға нота жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның cыртқы істер министрлігі Иранда құлаған ұшаққа қатысты Тегеранға дипломатиялық нота жіберді. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Вадим Пристайко BBC-ге  берген сұхбатында мәлімдеді.

... Иран президентімен сөйлескеннен кейін Украина ресми түрде дипломатиялық нота жіберді, онда ол Украина билігінің барлық қадамдарын, Иран үкіметінен күткен барлық жағдайды, сондай-ақ бұзылған барлық халықаралық нормаларды тізімге алды. Мен Ираннан оң нәтиже күтемін. Себебі, олар қандай жағдайға жол бергенін жақсы біледі, - деді Приестайко.
Ол сонымен қатар, Иран билігі бұл оқиға үшін жауапкершілікті жоғары деңгейде мойындайтынын айтты.
Олар ең жоғары деңгейде жауапкершілікті өз мойнына алды. Олар бізге және қайғыға батқан елдерге ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ешкім жазадан құтылмайтынына уәде етеді, - деді Украинаның cыртқы істер министрі.

Пристайко сонымен бірге құлаған ұшақтағы жолаушылардың жартысы Иран азаматтары екенін еске салды. Осыған байланысты Иран өз міндеттемелерінің бір бөлігін орындайтынына сенім білдірді. 
Өзгелердің жаңалығы