Kieli Tabigat. Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту қолға алынады

11 Сәуір 2021, 21:56
2761
Бөлісу:
Kieli Tabigat. Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту қолға алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 ұйым жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі жобаны іске асыруға тартылатын болады. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы Лима Диас "Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру" әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Іс-шараға ҚР АҚЖМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ Басқарма Төрайымы Лима Диас, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ төрайымы Динара Сәдуақасова және 2020 жылғы жобаның бенефициарлары қатысты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов елдегі экологиялық жағдай туралы айтып, жоба шеңберінде оны шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

2020 жылы біз жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіттік, оған аталған мәселе бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, "Жасыл Ел" еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі жобаларды іске асыру кіреді, - деді ол.

Сонымен қатар түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыратын, "Сарыға таста" акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін эко-қозғалыстар көшбасшыларын оқыту бойынша онлайн-курстар өткізудің маңыздылығын айтты.

Бұл жоба біздің еліміз үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта жобаның дамуы мен ауқымын кеңейтуге байланысты іс-шаралар жүргізілуде. Аталған жобаны іске асыруға 22 серіктес жұмылдырылды, синергияда үлкен нәтижелерге қол жеткізу және көбірек қамту үшін түрлі ұйымдардың барлық күш-жігерін тарту және біріктіру мүмкін болды, - деді АБҚО-ның басшысы Лима Диас.

Брифинг барысында жоба үйлестірушісі Рахмет Әлихан "World Cleanup day" Дүниежүзілік акциясы, эко-ертегілер бөлімдерін әзірлеу және шығару, экологиялық тәрбие тақырыбына бейнематериалдар сериясын дайындау, сондай-ақ түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу туралы айтып берді.

Жобаның негізгі міндеті білім беру бейне курстары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу. Олар кейін білім беру мекемелеріне, ЖОО-на, мектептерге және колледждердің экология сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда қолдана алады. Бұл тұрғыда "Қоқыстан өнерге" республикалық конкурсын өткізу, "ЭкоLife Challenge" республикалық онлайн конкурсын өткізу, қайталама шикізатты жинау бойынша "Эко-Асар" экологиялық марафонын өткізу міндеттері тұр, - деді Лима Диас.

"Киелі табиғат" YouTube ғылыми-ағартушылық арнасы құрылады, ал бейне-контент мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда жастар ісі жөніндегі комитеттер, жастар ресурстық орталықтары арқылы таратылады. Өңірлерде "Киелі табиғат" жобасын танымал ету бойынша ғылыми-ағартушылық эко-қозғалыстар құрылады. Бұдан басқа, жобаның сарапшылары мен серіктестерімен бірлесіп экологиялық жобаларды іске асырудағы тәжірибені, әлеуметтік-экологиялық іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты қамтитын әдістемелік құрал әзірленеді.

Жоба нәтижелері бойынша оқушылар мен жастар қоршаған ортаның ластануы, сондай-ақ табиғатты қорғау проблемаларына назар аударады. Олар осы мәселені шешу үшін іс-қимыл жасайды, нәтижелерін көреді және өздерінің әлеуметтік жауапкершілігі мен экологиялық мәдениетін арттырады деп күтілуде. Сондай-ақ жастар арасында қазіргі заманғы экологиялық трендтер танымал етіледі. Оқушылар мен студенттердің жалпы экологиялық қауіпсіздік туралы хабардарлығы артады. Жоба аясында барлығы 100 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы