«Kieli Tabigat» республикалық, экологиялық жастар жобасы басталды

10 Сәуір 2021, 15:15
2651
Бөлісу:
«Kieli Tabigat» республикалық, экологиялық жастар жобасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоба мақсаты - қазақ халқының мәдени мұрасын пайдалана отырып, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауына жағдай жасау.


«Kieli Tabigat» экологиялық жобасының мақсаты-қазақ халқының мәдени мұрасын пайдалана отырып, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауына жағдай жасау. Біз жастарымызға қазақ философиясының байлығын, оның ішінде табиғат пен жануарлар әлеміне арналған Қазақ фольклорының аңыздары мен мифтерін жеткізіп, көрсеткіміз келеді, - дейді ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов. 

Жоба аясында «Киелі Tabigat» YouTube ғылыми-ағартушылық арнасы құрылады. Видеоконтент ЖОО, мектептер мен колледждерде таратылатын болады.
Бұдан бөлек, бүкіл ел бойынша жастар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау бойынша ғылыми-ағартушылық эко-қозғалыстар құру жоспарлануда. 

Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып, ҚР АҚДМ тапсырысы бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы