Кие қонған құт мекен

13 Қазан 2020, 18:00
6298
Бөлісу:
Кие қонған құт мекен
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған». Қазақстанның Халық жазушысы, абыз Әбіш Кекілбайұлы Қарағанды облысы аумағының басым бөлігін алып жатқан елді мекенге қатысты осылай деген екен. Айтса, айтқандай-ақ. Талай тарихи сырды қойнауына бүгіп жатқан киелі өңірдің табиғаты да ерекше көз тартады екен...

Кие қонған құт мекен

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – бүкіл қазақ елі қадір тұтатын қастерлі өлке. Ұлытау — ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Үш жүздің басын қосқан Ұлытауда бабаларымыз ұлттың келешегін ойлап, бірліктің туын желбіреткен. Қалың қауым осы киелі өлкеде ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп ерекше құрметпен қараймыз! Қасиетті мекеннің қадір-қасиетін барша әлемге танымал ғұламалар да мойындаған...» – деген сөзі де Ұлытаудың тарихи орнының қаншалықты құнды екенін аңғартады.

Кие қонған құт мекен

Таяуда бір топ журналист шағын автобуспен қазақтың қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекеніне сапарлап барған едік. Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ хандарының бабасы Алаша ханның мазарларына тәу етіп, аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездестік.

Кие қонған құт мекен

Біз жұмысты мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдерді қабылдау жүйесі мен олардың орындалу жауапкершілігіне қатысты өзгерістерден бастауымыз керек, – деді ол. – Өйткені күрделі жайттардың барлығы басқару механизмінің тиімділігіне байланысты.

– Берік Әбдіғалиұлы, биыл Ұлытау ауданына әкім болғаныңызға бір жыл толды. Осы орайда өзіңіз басқарып отырған өңірдің хал-ахуалына қысқаша тоқталып өтсеңіз? - деп өтіндік.

Биыл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1972,0 млн теңгені құрады, – деді аудан әкімі. – Былтырғы қаңтар-тамыз айларында 1733,2 млн теңге болды. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 45,4 тонна, биылғы қаңтар-тамыз айларында 39,1 тонна көмір өндірілді.

Кие қонған құт мекен

Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10252,3 млн теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар-тамыз – 9923,8 млн теңге). Мал мен құс өнімдерін өндіру көлемі 3%- ға, сүт – 2%-ға, жұмыртқа өндіру 1,6%-ға ұлғайды.

Ірі қара мал басы 5,7%-ға, жылқы басы 10,4%-ға көбейсе, құс басы 7,1%-ға ұлғайды.

Кие қонған құт мекен

Берік Әбдіғалиұлының айтуына қарағанда, негізгі капиталдағы инвестициялар 2 884,7 млн теңгені құрап отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны – 1 571 (2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында 1472 болған).

Өзіміз көргендей, аудан орталығында құрылыс та қызу жүріп жатыр. Оның көлемі 1197,9 млн теңгені құрайды.

Кие қонған құт мекен

Осы орайда айта кетейік, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда ауданда жағдайы төмен 514 адам болса, биыл тең жартысының жағдайы жақсарғанға ұқсайды. Олардың саны 258 адамды құрап отыр екен. Ауданда өлім-жітім коэффициенті 10,3%-ға төмендеп, есесіне бала туу көрсеткіші артып, 8%-ға ұлғайған.

Әкімнің айтуына қарағанда, биылғы ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Жұмыспен қамудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 18 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Даму жобасы шеңберінде үш жоба қолға алынған: Қарсақбай және Жезді кенттеріндегі 100 адамға арналған спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы. Сол секілді аудан орталығында кәріздік тазалау желісі қондырғысының құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр.

Білім беру саласында үш жоба, мәдениет саласында төрт жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автокөлік жолдары саласында сегіз жоба тиянақталған.

Кие қонған құт мекен

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 522 жұмыс орны құрылып, жұмыссыз адамдар, оның ішінде, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 260 адам «екі қолға бір күректен» тапты. Бүгінгі күні «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» базасында жоспарланған 522 жұмыс орнының 275-і құрылып, оның ішінде 142 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Мердігерлер тарапынан 142 еңбек шарты түзіліп, қолданысқа енгізілді, – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Аудан әкімінің атап өтуінше, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында аудандағы мектептер мен мәдениет үйлеріне түгелдей дерлік күрделі жөндеу жүргізілген. Алғабас ауылындағы орта мектептің жаңа ғимараты оқушыларға есігін айқара ашқан.

***

Елордадан Қарағанды облысын бетке алған бір топ жолаушы - біздің, «жол азабын тартқан білер» дегендей, біршама қиналғанымыз өтірік емес. Әсіресе, Жезқазғанға жеткенше «бісміллә»-ні жиі айтып отырдық. Ал Ұлытау ауданына кіре бергенде байқадық, теп-тегіс асфальт жол сайрап жатыр екен. Журналистер «Жолына қарап әкімін таны» деп бір-бірімізге қарап, жымың-жымың еттік.

Кие қонған құт мекен

Айтпақшы, тағы бір таңғалғанымыз, Ұлытаудың қарапайым тұрғындары да өз өлкесінің тарихына ағып тұр екен. Кездесе кеткен қай-қайсысы да құдды тарихшыдай-ақ туған жерлеріне қатысты кез келген сұраққа мүдірмей жауап беріп, бізді бірқатар қызықты дерекпен сусындатты.

P.S. BAQ.KZ-тің өзге де тілшілері – әріптестерім ауданға сапар барысын егжей-тегжейлі жазған соң, біз мақаламызды осы сөздермен аяқтауды жөн көрдік.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы