Киберқауіпсіздік рейтингінде Қазақстан 40-орында

30 Наурыз 2019, 11:02
6007
Бөлісу:
Киберқауіпсіздік рейтингінде Қазақстан 40-орында

Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) есебіне сәйкес Қазақстан Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде 40-орында. Мұндай мәлімет Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтында жарияланған. 

Қазақстан өткен жылғымен салыстырғанда өз позициясын 42 орынға жоғарылатқан, былтыр 82-орында болған. Нәтижесінде еліміз биыл кибершабуылға төтеп беретін жоғары деңгейлі мемлекеттер қатарына кірген. Рейтингте Ұлыбритания көшбастап тұр, АҚШ екінші орында. Ең соңында Мальдива тұр (175 орын).

ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурданың айтуынша, киберқауіпсіздік индексіндегі еліміздің жақсы көрсеткішке қол жеткізуіне мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің бірлескен жұмысы әсер еткен.

«Соңғы бірнеше жылда ақпараттық қауіпсіздік саласының кеңінен дамуы үшін көптеген жұмыс атқарылып, іргетасы қаланды», - деді Голобурда.

Өзгелердің жаңалығы