Бас жаңалықтар
Қорасына қарасора еккен хромтаулық ұсталды
03 Шілде 2020, 15:23 156

Қорасына қарасора еккен хромтаулық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды.

Polisia.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді (қарасора) заңсыз өсіретіні анықтады. Полиция қызметкерлері үй маңындағы учаскеден 19 түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...