Бас жаңалықтар
ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
27 Ақпан 2021, 17:17 240

ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады, деп хабарлады ҚТЖ-Жүк тасымалы «ЖШС баспасөз қызметі». 

ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі күйінде қалуда. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамайды. Тастап кетілген пойыздар саны өсуде, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетіне теріс әсер етуде.

Қазіргі кезде тастап кетілген 12 мың жүк тиелген вагоны қозғалыстан қалса, олардың басым бөлігі вагон иелеріне тиесілі.

Теміржол әкімшілігі бұл мәселені шешу үшін бірнеше рет шаралар қабылдады, бірақ қытайлық тарап қол қойылған келісімдер мен халықаралық келісімдерді елемеуде. Нәтижесінде вагондар иелері мен экспорттаушылар ұзақ уақыт тұрып қалу салдарынан экспорттық шарттарын орындай алмайды, шығынға батуда. Ағымдағы жылдың 26 ақпанындағы жағдай бойынша астық тиелген 250 жуық жабық вагон қайта жөнелтіліп, бастапқы тиеу станцияларына қайтарылды, өзге экспорттаушылардан өтінімдер келіп түсуде, оларды «ҚТЖ-ЖТ» қызметкерлері жедел өңдеуге тырысуда, - делінген таратылған ақпаратта.

Салалық қауымдастықтардың, соның ішінде ҚазТОҚ, Астық одағы және т. б. өтініші бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Достық станциясы бағытына, одан әрі ҚХР-ға жүк тасымалдауға:

–  1 наурыздан 31-не дейін-жүк транзитіне;

– 1-15 наурыз аралығында – контейнерлердегі жүктерден басқа барлық жүктерге;

-  2021 жылғы 1-20 наурыз аралығында жабық вагондар мен астық тасығыштардағы барлық астық жүктеріне тыйым салуға мәжбүр болды.

Тыйым салу кезінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қытайлық тарапқа тастап кетілген пойыздар мен астық тасығыштарды беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ астық тиелген жабық вагондарды беру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бір апта бойына тыйым салуды енгізу туралы мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) алаңдарында жүк жөнелтушілермен, экспорттаушылармен талқыланды. Аталған шараларға бизнес бастамашы болды, - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...