Бас жаңалықтар
Нығматулин Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады
30 Сәуiр 2019, 12:36 438

Нығматулин Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Хорватия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович – Буричпен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды сұрақтарын талқылады.

Нұрлан Нығматулин Хорватия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі әлеуетті әріптесі екенін алға тарта келіп, біздің еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге ынталы екенін баса айтты.

2019 жылы қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 27 жыл толатынын еске салған Мәжіліс төрағасы осы уақыт ішінде, саяси және экономикалық тығыз байланысқа қол жеткізілгенін атап өтті.   

Өз кезегінде Мария Пейчинович – Бурич Қазақстан мен оның халқына деген құрметінің ерекше екенін және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  даму, тұрақтылық, бірлікті арқау ете отырып, еліне жасаған ерен ерлігін аса жоғары бағалайтынын жеткізді.

Мәжіліс спикері елдеріміз арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын айтты.

Нұрлан Нығматулин заңнамалық тәжірибені меңгеру және етене байланыс орнату мақсатында ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде сапарлар алмасу пратикасын енгізудің қажеттілігіне тоқталды.

Кездесу барысында Мәжіліс төрағасы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне назар аудара келіп, маңызды жиын  парламентаралық байланыстарды, сонымен бірге, екіжақты қатынастарды нығайтуға кең жол ашатынын айтты.

Загрузка...

Сізден жаңалық