Хорватияда «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашы отырғызылды

5 Маусым 2019, 14:27
2610
Бөлісу:
Хорватияда «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашы отырғызылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-4 маусым аралығында Хорватиядағы Корчула аралында Халықаралық «Марко Поло» арт-фестивалі аясында Қазақстанның поэзия, музыка және киноөнер күндері өтті.

Іс-шараға Хорватия Мәдениет министрлігінің және Корчула қаласы мэриясының басшылығы, Әзірбайжан, Израиль, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия елшілері, Қытай, Үндістан, Черногория өкілдері, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен туристер қатысты.

Хорватияда «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашы отырғызылды

Фестивальдің ашылуы Корчула қаласындағы Бейбітшілік Бақшасында ағаш отырғызудың символикалық акциясымен басталды. Қазақстанның елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстан елордасының құрметіне «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашының көшетін отырғызды. Салтанатты рәсім барысында дипломат Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның қазіргі заманын, прогресін және болашағын бейнелейтіндігін атап өтті. Корчула қаласының мэрі Андрия Фабрис Ұлы даланың көшпелі халықтарының тілін, дәстүрлері мен мәдениетін жақсы білетін саяхатшы Марко Полоның мұрасының сабақтастығын атап өтті.

«Әлем Поэзиясы» әдеби кешінде фестиваль қатысушылары Хорват өнертанушы, профессор Сибила Петлевскидің поэтикалық аудармасындағы және көркем оқуларындағы қазақ жазушыларының шығармашылығымен танысты. Кеш барысында Веналық музыка университетінен арнайы шақырылған қазақ классикалық «Жаным сол» дуэтінің орындауында әсем әуен шырқалды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хорват тілінде алғаш рет шығарылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері үлкен қызығушылық тудырды.

Хорватияда «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашы отырғызылды

Қазақстанның заманауи киносы «Марко Поло» арт-фестивалінде еліміздің жетекші режиссерлері Ақан Сатаев пен Ермек Тұрсыновтың картиналармен к-рсет3лген болатын. Хорват тіліне аударылған танымал «Жаужүрек Мың Бала» және «Келін» кинофильмдері көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырып, кең жұртпен жылы қарсы алынды.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтары Қазақстан табиғатының фотокартиналары мен қолданбалы қолөнер бұйымдары бар «Қазақстан – Еуразия жүрегі» көрмесіне барып келді. Қазақ тағамдарының дәстүрлі тәттілері Қазақстан елшілігінің дипломатиялық қабылдауында ұсынылды. Қонақтарды қарсы ала отырып, ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев екі жақты қарым-қатынастардың оң динамикасын және оны растайтын Нұр-Сұлтан қаласындағы Хорватия Елшілігінің және Сплит қаласындағы ҚР Құрметті консулдығының ашылуын атап өтіп.

Фестивальдің мәдени бағдарламасының шарықтау шегі әлемдік джаз жұлдызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, пианист Давид Газаровтың сүйемелдеуімен қазақ және еуропалық композиторлардың шығармаларын орындаған «Жаным Сол» қазақ дуэтінің өнер көрсетуі болды. Толық аншлагта өткен концерті Корчул аралының басты туристік көрікті жері – ХV ғасырдағы Әулие Марк Шіркеуінде өтті.

Хорватияда «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағашы отырғызылды

 Хорватия Президентінің қамқорлығындағы Арт-фестиваль жыл сайын Корчула аралында өткізіледі, онда XIII ғасырда Орталық Азия мен Қытайға барған саяхатшы Марко Поло туған. «Ұлы Жібек жолы - диалог пен ынтымақтастық жолы» фестивалінің ұраны Азия мен Еуропа елдері арасындағы мәдени-тарихи байланыстардың маңыздылығын көрсетеді. Биыл Қазақстан алғаш рет фестиваль ұйымдастыру комитетінің серіктес елі ретінде өнер көрсетті. 2017 жылдың тамыз айында Ақан Сатаевтың «Анаға жол» тарихи драмасы «Марко Поло» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Өзгелердің жаңалығы