Хоккейден Әлем чемпионатының ашылу салтанатында лазерлік шоу өтеді

29 Сәуір 2019, 13:49
1366
Бөлісу:
Хоккейден Әлем чемпионатының ашылу салтанатында лазерлік шоу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің жерлестеріміздің алғашқы қарсыласы – Словения құрамасы. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты icehockey.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Хоккейден А тобындағы алғашқы дивизионның әлем чемпионаты 2019 әсерлі шоу-бағдарламамен ашылмақ.

«Ашылу салтанатында жанкүйерлерді 3D-технологиялар қолданылған лазерлік шоу күтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 29 сәуірде сағат 19:30-да «Барыс-Аренада» өтетін болады. Естеріңізге салайық сағат 20:00-де Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матч басталады», –  делінген хабарламада.

Алғашқы дивизиондағы хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде.Топ-дивизионға екі жолдама алу үшін Қазақстан, Словения, Белорусь, Оңтүстік Корея, Венгрия және Литва құрамалары бақ таластыратын болады.
Өзгелердің жаңалығы