Бас жаңалықтар
Хоккейден әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлерді арнайы автобустар жеткізеді
22 Сәуiр 2019, 12:30 403

Хоккейден әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлерді арнайы автобустар жеткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арнайы автобустарда жүру құны қоғамдық көліктегі жолақының мөлшерімен бірдей болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Sportinform» СИА-ға сілтеме жасап хабарлады.

Жанкүйерлер 40-шы автобуспен аренаға жете алады. Алайда жанкүйерлердің ыңғайлығы үшін оларды ойын басталғанға дейін екі сағат бұрын арнайы рейстер арқылы жеткізу мүмкіндігі қарастырылған: Қазақстан спорт кешенінде тұрақ, «Нұр Астана» мешіті жанындағы тұрақ (шығыс жағындағы тұрақ), Бөгенбай батыр ескерткіші жанындағы тұрақ (Бөгенбай батыр даңғылы), Астана циркі жанындағы (Қорғалжын тас жолындағы) тұрақ. Арнайы автобустарда жүру құны қоғамдық көліктегі жолақының мөлшерімен бірдей.

 Айлық билеттер жарамсыз.  29 сәуірден 5 мамырға дейін «Барыс Арена» шағын мұз айдынында I дивизион «А» тобына кіретін командалар арасында хоккейден Әлем чемпионаты өтеді.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық