Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

29 Сәуір 2019, 22:42
2740
Бөлісу:
Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды.

Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады


Қазақстан алғашқы кездесуінде Словения ұтты. 


Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бас бапкер алғашқы минуттан мына хоккейшілерді шығарды: Карлссон Маклюков-Метальников, Михайлис-Сен-Пьер-Боченски; Диц-Орехов, Некряч-Бойд-Шевченко; Шалапов-Клещенко, Рымарев-Шестаков-Петухов; Семенов, Әсетов-Жайлауов-Сагадеев, Акользин.
Қазақстан сапында бірінші шайбаны «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлис соқты. Ол 4-минутта мергендігімен көзге түсті. Сосын Антон 
Некряч есепті еселей түсті. Үзіліске шығатын тұста Михайлис дубльдің авторы атанды. Бірінші кезең 3:0 есебімен аяқталды.
Екінші 20-минуттықта біздің жігіттер босаңдық танытта ма, Еуропадан келген ойыншылар 2 гол соғып үлгерді.  
Абырой болғанда үшінші кезеңде осы есеп өзгеріссіз қалды.

Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Словения - Қазақстан - 2:3 (0:3, 2:0, 0:0)
0:1 - Михайлис (Диц, Сен-Пьер) - 03:54
0:2 - Некряч - 09:45
0:3 - Михайлис (Бойд, Диц) - 15:09 
1:3 - Куралт (Ограеншек) - 47:03
2:3 - Родман (Копитар, Подлипник) - 48:24 

Айта кетейік, Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Словениядан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. 

А тобындағы алғашқы ойында Оңтүстік Корея мен Венгрия кездескен болатын. Бұл матчта таңғы жұпар елінен келген хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті (5:1).
Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады


Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Өзгелердің жаңалығы