Хоккей: Қазақстан бүгін I орынға таласады

4 Мамыр 2019, 10:55
1866
Бөлісу:
Хоккей: Қазақстан бүгін I орынға таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі.

А тобындағы І орын үшін шешуші ойын. Екеуі де әзірге чемпионатта ұпай жоғалтқан жоқ. Екі құрама да 9 ұпайдан жинаған. 

Қазақстан осы әлем чемпионатында Словения, Оңтүстік Корея, Литва құрамаларын ұтты.

Ал Беларусь xоккейшілері Литва, Венгрия және Словения құрамасынан басым түсті.

Бір қызығы, Беларусь пен Қазақстан бұған дейін 10 рет кездессе, соның бәрінде қарсыластың жолы болған. Тіпті, чемпионат алдындағы жолдастық кездесуде Беларусь xоккейшілері ұтып кетті.

Бүгін ойын сағат 17:30-да басталады. Кездесуді QAZSPORT арнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

Айта кетейік, 1-дивизионның А тобында Қазақстан мен Беларусьтан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Словения, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. 

Үш турдан кейінгі көшбасшылар:

1. Қазақстан – 9 ұпай;
2. Беларусь – 9 ұпай;
3. Оңтүстік Корея – 6 ұпай.
Өзгелердің жаңалығы