Бас жаңалықтар
Абылай хан монументі үшін мемлекет 100 га жер берсе жетеді - Шораев
28 Ақпан 2020, 16:34 721

Абылай хан монументі үшін мемлекет 100 га жер берсе жетеді - Шораев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, "Абылай хан" монументінің идея авторы Арман Шораев бұл жоба монғолдардан ұрланбағанын айтты.

Абылай ханның алып монументінің бой көтеріуі жайлы баспасөз маслихатында Арман Шораев, мұндай үрдіс Эйфель мұнарасының кезінен бері әлемге кең тарағанын ескертті.

Жалпы монументке 5-7 млн доллардай ақша кетеді деп ойлаймын. Бәрі де салыстырмалы ғой, ол деген LRT-нің бюджетінің екі-ақ пайызы. Монумент бой көтергеннен кейін күтіп ұстауға ешқандай ақша қажет етпейді, өзін-өзі ақтайды. Зиярат жасайтын өзіміздің бауырлар келеді. Одан қалса, шетелдік туристер бар, – деді Арман Шораев.

Арман Шораев алып монументті тұрғызу үшін мемлекеттен 100 гектар жер сұрағанын айтты.

Монументтің сырты мыстан, алюминийден немесе басқа материалдан бола ма деген сұрақ әлі белгісіз. Мемлекеттен 100 гектар жер сұрап отырмыз. Себебі, онда мемориал ғана емес, оның жанында этноауыл, қонақ үй болуы мүмкін. 100 гектар жер көп емес. Қайта, жер жетпей қалуы әбден мүмкін, – дейді ол.

Ол бұл монументті тұрғызудағы басты мақсатын айтты.

Шынына келер болсақ, қазіргі жастардың арасында Абылай хан кім болғанын білмейтіндер бар. Ол қандай хан болды, қазақ халқының тарихында қандай рөл атқарды дегенді де біле бермейді. Сондықтан да осы монумент арқылы біз Абылай бейнесін толықтай ашып көрсетуді тырысатын боламыз. Ал монументке келетіндердің көбі еліміздің түкпір-түкпірінен келетін мектеп оқушылары болады, – дейді идея авторы.


Фото: дереккөз
Загрузка...