Бас жаңалықтар

СІМ мен БҰҰ елдік офисі халықтың қоныстану мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі мен СІМ, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықтың қоныстануы саласындағы қорының арасындағы БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы елдік офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты ноталармен алмасу нысанындағы келісімді жасасудың ресми рәсімі өтті. 

Қазақстандық тарапты ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Қорды - Халықтың қоныстануы саласындағы қордың (UNFPA) Қазақстандағы өкілі, Қырғызстан және Түрікменстан бойынша елдік директоры Джулия Валезе басқарды. 

Е.Ашықбаев БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы бағдарламалық қызметі Үкіметіміздің басымдықтарына, БҰҰ даму саласындағы әріптестік негіздемелік бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне сәйкестігін атап өтті. Қазақстан Үкіметі БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен халықтың қоныстануы және ұлттық стратегиялық бағдарламалары мәселелерін дамыту, сонымен қатар елдің Орнықты дамудың үшінші және бесінші мақсатына жету бойынша бағдарламалық қызметі шеңберіндегі сындарлы өзара әрекеттестікті жалғастыруды маңызды санайды, - делінген хабарламада.

БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры қызметінің негізгі бағыттары: репродуктивті деңсаулықты жақсарту саласында жәрдем көрсету; әйелдер, жасөспірімдер, жастар, сонымен қатар, мигранттар, қарттар, мүгедектер және басқа да осал топтардағы адамдардың құқықтарына ерекше назар аудара отырып, халықтың репродуктивті құқықтарымен байланысты мәселелерді шешу; гендерлік зорлық-зомбылыққа ден қою; демографиялық статистиканың жақсаруы және халықтың санағын жүргізуде және негізгі ұлттық тексерулерде қолғабыс көрсету.


Фото: дереккөз
Загрузка...