Осы жылдар арасында мені сайлап келген халыққа рахмет – Елбасы

11 Қазан 2019, 21:51
3133
Бөлісу:
Осы жылдар арасында мені сайлап келген халыққа рахмет – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биліктен кеткеніме өкінбеймін. Өйткені бұл жан-жақты ойластырылып барып жасалған шешім болды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтты. 

Сұхбат барысында «биліктен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?» деген сұраққа Елбасы билікте 30 жыл қызмет еткенін айта келе ештеңеден өкінбейтінін айтты.

«Мен Қазақстанда мемлекет басшысы ретінде 30 жыл еңбек еттім. Егер 1979 жылы ҚазКСР-ның хатшылыққа келгенімді есепке алсақ, онда 40 жыл. Қазақстан үкіметінің бірінші басшылығына 1984 жылы келгелі 35 жыл өтіпті. Біріншіден осы жылдар арасында мені сайлап келген халыққа рахмет. Екіншіден, елге өзгеріс қажет болды. Ештеңе бір орнында тұрмайды. Өзгеріс пен қоса жаңа адамдар, кадрлар керек. Кез келген өзге адамның өз көзқарасы, ойы болады. Сондықтан бұл жан-жақты ойластырылып барып жасалған қадам болды. Мен дұрыс жасадым деп ойлаймын және ештеңеге өкінбеймін», - деді ол. 

Сонымен қатар ол 30 жылда көптеген жетістікке қол жеткізгенін және қазақтар тарихта бұған дейін қазіргідей жақсы өмір сүрмегенін жеткізді. 

«Біз сияқты ешкім Астана салмады, қазір ол миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Маған сеніп тапсырылғанымен кетуді жөн санадым, ел басқаратын адамдар қуаты мықты әрқашан ақ тұлпармен көш алдында жүру керек. Егер ата-анамнан маған мұндай күшті қуат берілмегенде, мен қиын кезеңде шыдай алмас едім. Сондықтан ел үшін, Қазақстан үшін биліктен кеткенімді дұрыс деп ойлаймын», - деді Елбасы. 

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатқалы бері алғашқы сұхбаты. Елбасы 2019 жылдың 19 наурызында халыққа жасаған үндеуінде мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттілігін тоқтатып, демалысқа кететінін мәлімдеген. Сонымен қатар, ол президенттікке Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Уақытша президент міндетін атқарған Қ. Тоқаев 9 маусым күні өткен кезектен тыс сайлауда ҚР президенті болып сайланды.

Өзгелердің жаңалығы