8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

27 Ақпан 2020, 13:28
1062
Бөлісу:
8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана келтіргені үшін оған 1997 жылдан бері іздеуде болған.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 26 ақпанында Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана келтіргені үшін (1997 жылы өзгертілген ҚК 103-бабының 3-бөлігі) шамамен 8 жыл халықаралық іздеуде болған 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды, - делінген хабарламада. 
Бүгінгі күні ұсталған азамат Алматы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қылмыскерге қатысты "Қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салсақ, 2019 жылдың шілдесінде Қарағанды облысының прокуратурасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке адамды іздестіру қайта тапсырылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы