Бас жаңалықтар
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы артты
16 Шілде 2019, 01:12 180

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 97924 теңгені құрады. Алдын ала деректер сүйенсек, бұл 2018 жылғы мамырға қарағанда 8,1% жоғары. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.

Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,7% артты.

2019 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 177963 теңгені құрады.

2019 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы маусымның соңына 176,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,9% көрсетті.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық