Халықты жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі 336 адамды жұмысқа орналастырды

23 Тамыз 2019, 06:22
1806
Бөлісу:
Халықты жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі 336 адамды жұмысқа орналастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері 364 адамды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтыды, оның ішінде 336 адамды жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

364 азаматтың 66-сы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 236-сы қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Қалған 21 адам әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етіп жүр. Сондай-ақ, 13 жоғары оқу орнының түлегі жастар практикасы жобасы арқылы еңбекпен қамтылды. 27 азамат тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика, аспаз мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарда оқып жатыр.  Оқуын сәтті тәмамдаған қатысушыға жаңа бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде грант берілді.

«Мен жұмыс берушілерді осындай азаматтарды жұмысқа алуға шақырамын. Аталған квотаны орындамаған жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ, дәл осы сұраққа келгенде тағылатын айыппұл емес, азаматтық жауапкершілік басты орында тұруы қажет де санаймын», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймолдин.

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады, оның ішінде: жұмыспен қамтуға ықпал етуге, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант, арнайы жұмыс орындарын құру және т.б. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруға субсидиялар ала алады.


Өзгелердің жаңалығы