Халықтың банктегі несиелері көбейіп барады

18 Маусым 2020, 11:10
1568
Бөлісу:
Халықтың банктегі несиелері көбейіп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың банктегі несиелері көбеюде. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Сенат отырысында айтты.  

Халықтың табысы 5%-ға артты. Бұл - жақсы көрсеткіш. Себебі, бірнеше жыл бойы табысты арттыру жүзеге асырылмады, инфляция оның барлығын жеп қоятын. Халықтың шығынында 50%-ға дейін азық-түлік тауарының үлесі артты. Халықтың банктегі несиелері көбеюде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несиенің өсімі халықтың табысынан 15%-ға асып кетті, - деді ол. 
Оның айтуынша, мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, соңғы 5 жылда банк секторының экономикадағы рөлі төмендеді. 
Оның активтері ЖІӨ-ге шаққанда 2015 жылғы 60%-дан өткен жылы 40%-ға төмендеді. Проблемалық қарыздардың үлесі артып отыр. Бизнес үшін қолжетімді әрі қомақты қаржы әлі де жоқ. Бизнеске қанша ресурс қажет екенін ешкім есептеген жоқ. Монетизация деңгейі төмендеп барады, 2019 жылы ол 31%-ды құрады. Ал 2016 жылы 41%-ды құраған кезде ол аз деп айтқан болатынбыз. Әлем бойынша монетизация деңгейі 122%-ды құрайды, - деді ол.
Наталья Годунова айтқандай, мемлекеттік қарыз Үкіметтің қарызы сияқты қауіпсіз деңгейде тұр. 
Алайда оны жабу мен оған қызмет көрсету шығыны артып отыр. Үкіметтік қарыз бойынша ондай шығын 1,4 трлн теңгені құрады. Халықаралық қаржы ұйымдарының МЖӘ, квазимемлекеттік сектор мен жергілікті органдар жобасы бойынша қарыз алу көрінісін бақылауды орнаттық, - деді ол. 

Айта кетейік, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы