Халық Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

19 Мамыр 2020, 13:07
4208
Бөлісу:
Халық Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Белгіл журналиспен қоштасуға халық көп жиналды. Бейсен Құранбек "Айтуға оңай", "Қарекет" жобалары арқылы қалың көрерменнің сүйіктісіне айнала білді. Әрдайым елдің мұңын, басына түскен ауыртпашылығын көтере білген талантты журналист Бейсен Құранбекті халқы шынымен жақсы көрді, оның ісіне сүйсінді. Сонымен қатар, ол соңғы алты жылда "Жетісу" телеарнасынада басшылық қызметте болып, көптеген жас журналистке бағыт-бағдар беріп отырды.

Қошасу жиыны барысында танымал журналист Нұртілеу Иманғали марқұм жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, Бейсентану ғылымын қолға алу қажеттігін айтты.
Бейсентануды қалыптастыру арқылы қазақ журналистикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Оның өмірлік ұстанымдары да - өскелең ұрпақ үшін үлкен ғибратты дүние,-деді ол.
Бейсен Құралбек көз жұмды деген қаралы хабар шығысымен желіде оның туыстарына көңіл айтып, қайғырып жатқандар қатары да өте көп.
49 жасқа қараған шағында өмірден озған марқұмның денесі Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.


Өзгелердің жаңалығы