Халықаралық қазіргі бейсайыс одағының конгресі кейінге шегерілді

10 Шілде 2020, 08:12
1172
Бөлісу:
Халықаралық қазіргі бейсайыс одағының конгресі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық қазіргі бейсайыс одағының конгресі (UIPM) 2021 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды  Olympic.kz.

Аталған жиын биыл Қытайда өтуі тиіс еді. Коронавирус пандемиясының кесірінен жоспарланған шара кейінге шегерілді. Енді конгресс Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін 2021 жылдың қараша айында өтуі мүмкін.  

Конгресс ресми түрде кейінге қалдырылғандықтан, барлық федерацияға хаттар жолданған.


Өзгелердің жаңалығы