Халыққа жаңа шенеуніктер керек пе? Ахметовтің жауабы

22 Қараша 2019, 14:45
2496
Бөлісу:
Халыққа жаңа шенеуніктер керек пе? Ахметовтің жауабы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 90 жылдардың басында аудандық мәртебеден айырылған елді мекендердің ахуалы жайлы сауалға жауап берді. Ол бүгінгі баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысында жаңадан бірде-бір аудан ашпайтынын айтты.


Марқакөл мен басқа аудандарды қайта құру мәселесі туралы айтып берейін. Маған ондай өтінішпен азаматтар келді. 45 адаммен кездесіп, жақсы сұрақтар қойылды. Олардан: "Айтыңдаршы, қайсыларыңыз Күршім мен Марқакөлде тұрасыздар?" деп сұрадым. Сөйтсем, 45 адамның біреуі ғана сол жақтан келген екен. Бәрі де 20 жылдан бері Өскемен мен Семейде тұратын болып шықты. Бірақ, өте дұрыс мәселе көтеріліп, арнайы комиссия құрылды. Қазір бес ауданда жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олар: Үржар, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарай және Күршім аудандары. Сол аудандарды арнайы бағдарламамен қамтып, қосымша қаржы бөлеміз, - деді Даниал Ахметов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Аймақ басшысы халыққа жаңа шенеуніктер керек емес, оның орнына арнайы жүйелі бағдарламаны бекітіп, пайдалы іс тындырған дұрыс деді.


Жаңадан бірде-бір аудан ашылмайды. Неге десеңіз, ол аудандарды ашып алсақ, жұмыс орындарын құрып, халықты тарту үшін 9 млрд теңге керек болады. Халыққа жаңа шенеуніктер керек пе? Оның орнына сол алдыма келген адамдармен келістім. Олар да мақұлдады. Бізге арнайы бағдарлама керек. Соны іске асырамыз, - деп түйіндеді облыс әкімі өз сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі жалпы өңірлік өнім 3,8 трлн теңгеге жеткендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы