Хакерлер атақты адамдардың Тwitter аккаунтын бұзды

16 Шілде 2020, 09:55
1517
Бөлісу:
Хакерлер атақты адамдардың Тwitter аккаунтын бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген танымал адамның Тwitter аккаунтатары бірінен соң бірі бұзылды. Белгісіз хакерлер олардың парақшаларында биткоин табу туралы бірдей жазба қалдырған, деп хабарлады bbc.com.

Төменде көрсетілген мекенжайға жіберілген барлық биткоин екі есе қайтарылады. Егер сіз 1000 доллар жіберсеңіз, мен 2000 доллар қайтарамын. Операция тек 30 минутқа жалғасады, - деген жазба Илон Масктің Тwitter-іне шықты. 

Хабар желіде бірнеше минут тұрды, кейін жойылды. Пайдаланушылар әзілдеп пікір қалдырып, жазылған жазбаның фейк екенін болжады.
Осы сынды жазбалар microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс, amazon басшысы Джефф Безос, рэпер Канье Уэст, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама, АҚШ-тың демократиялық партиясының атынан президенттікке үміткер Джо Байден, Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және басқа да танымал адамдардың, сондай-ақ apple мен uber сияқты ірі компаниялардың аккаунттарында пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы