Хабибтің әкесі: Конормен реванш үшін 100 млн еуро дайындаңыздар

20 Қаңтар 2020, 08:47
2363
Бөлісу:
Хабибтің әкесі: Конормен реванш үшін 100 млн еуро дайындаңыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ, UFC басшысы Дэйна Уайт МакГрегор-Хабиб арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастырғысы келсе, қомақты қаржы дайындауы керек, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қандай жағдайда ұлының Конор МакГрегормен екінші рет  жекпе-жек өткізетінін айтты. 

Жасыратыны жоқ, бізге де бұл реванш керек. Бірақ 100 миллион еуро беріңіздер. Фергюсонмен өтетін жекпе-жектің ертесі күні осы ақшаны дайындаңыздар. Неге реванш ұйымдастырмасқа? – деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында Хабиб Конорды тұншықтыру әдісін қолданып ұтқан еді. 

Кеше Конор-Серроне арасындағы төбелес 40 секунд ішінде ирландиялықтың жеңісімен аяқталды. 

Өзгелердің жаңалығы