Хабиб: UFC Фергюсонға басқа қарсылас іздестіруде

30 Наурыз 2020, 19:20
1513
Бөлісу:
Хабиб: UFC Фергюсонға басқа қарсылас іздестіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов UFC 249 турнирі Америкада өтетінін айтты. 

Бірақ ресейлік спортшының жарысқа қатысу мүмкіндігі жоқ болып тұр. 

Нурмагомедов бұл мәселе туралы пікірін Instagram парақшасындағы тікелей эфирінде айтты. 

Маған UFC Америкада турнир өткізуге дайындалып жатқандығы туралы ақпарат жетті. Қазіргі кезде мен Ресейден шыға алмаймын, Америкаға кіре алмаймын. Мен изоляциядамын. Қазір жарыс менімен немесе менсіз өтуі туралы келіссөздер жүргізілуде. Турнирді менсіз өткізсе де қарсы емеспін. Қазір олар Тони Фергюсонға жаңа қарсылас іздестіруде. Мен Ресейде өз қалауыммен отырған жоқпын.UFC маған жекпе-жек 99% Абу-Дабиде өтеді деген соң мен Америкадан шығып кеттім. Ол жақта болмайтын болған соң мен Америкаға қайта кіре алмай қалдым. Кейін UFC-мен ақылдасып Ресейге қайттым, - деді спортшы. 

Естеріңізге салатын болсақ UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтуі керек болатын. Бастапқыда Нью-Йоркта өту керек жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты басқа жерге ауыстыралады. Бірақ әзірге қайда өтетіні белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы