Хабиб: Тони Фергюсонның деңгейі МакГрегордан жоғары

27 Ақпан 2020, 18:51
1835
Бөлісу:
Хабиб: Тони Фергюсонның деңгейі МакГрегордан жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Sport24 сайты.

Менің ойымша, мен соңғы екі жылда төбелескен Барбоза, дос Аньос, Конор, Порье, Яквинталар Тони сияқты мықты емес. Сондықтан мен шынайы ынта-жігерімнің оянғанын толықтай сезініп отырмын.

Бұрын мен қарсыласыма қараған кезде: "Окей, мен бұл жігітті жеңе аламын" деп ойлайтынмын, алайда залдағы жаттығуымды әдеттегідей күштірек өткізуден танбадым. Енді бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр. Біз қарсыласқа назарымызды толық аударамыз, бірақ бұл жолғы жекпе-жектің жөні бөлек. Бұрынғыдан да ауыр еңбек етуім керек. Менің ойымша, Тонидің деңгейі аталған жігіттерден.әлдеқайда жоғары. Оларға қарағанда қатігездеу көрінеді, - деді Нұрмагомедов. 

Еске сала кетелік, ресейлік пен америкалық арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде өтуі керек. Ал Хабиб пен Тонидің алғашқы кездесуі 6 наурызда ресми баспасөз конференциясында болады.

Өзгелердің жаңалығы