Бас жаңалықтар
Дәрігерлер Хабиб Нурмагомедовті жекпе-жектен шеттетті
12 Қыркүйек 2019, 12:47 204

Дәрігерлер Хабиб Нурмагомедовті жекпе-жектен шеттетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлік комиссия Дастин Порьемен жекпе-жектен кейін Хабиб Нурмагомедовты бір апта жекпе-жектер мен дайындыққа қатысудан шеттетті.

Championat.com хабарлауынша, Порье де жекпе-жекке шығудан шеттетілген. Көзі мен қабағы жарақаттанған ол жекпе-жектерге 1 ай бойы қатыса алмайды.

Айта кетейік, Нурмагомедов Дастин Порьемен жекпе-жекке шығып, мерзімінен бұрын жеңіп кеткен болатын. 3 раундта ресейлік спортшы американдықтың шабуылына қарсы тұрып, буындыратын тәсілді қолданып, тойтарыс көрсетті.

Осылайша, Нурмагомедов екінші рет титулын сәтті қорғап шығып, аралас жекпе-жектің жеңіс сериясын ұзартып, 28 рет өткізе алатын болды.

Ал Порьеге келер болсақ, ол уақытша чемпион белдігінен айырылды. Дастинның жеңіс сериясында үзіліс орнады, себебі ол 2016 жылы алғаш рет жеңілген болатын.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық